ЛотереяларАкцияларҚосымшаБайланыстар«Сәтті Жұлдыз»

Жауапты ойын / Responsible game

Көпшілік адамдар үшін лотереяда ойнау – тек қана ойын-сауық. Алайда, лотерея жай ойын-сауықтан асып, тұлғаға, отбасына және қоғамға теріс әсер ететін ауру қызығушылыққа айналуы мүмкін адамдар бар. Бүкіл әлемде лотереяға тәуелді адамдар саны 1%-тан аспайды, бірақ біз қатысушыларымызды хабардар болғанын қалаймыз.

«Сәтті Жұлдыз» лотереясы көп адам аз-аздан ойнасын, аз адам көп ойнамасын деп ұмтылады – бұл біздің басты ережеміз. Сондықтан біз 2006 жылы Дүниежүзілік лотерея қауымдастығы қабылдаған «Жауапты ойын» принциптерін Орталық Азия мен Қазақстан аумағында алғашқылардың бірі болып енгіземіз.

ЖАУАПТЫ ОЙЫННЫҢ 10 ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПІ

№1. Лотереяда ойнауды ойын-сауық ретінде қабылдаңыз, бірақ ақша табу мен инвестициялау тәсілі емес. Лотереяға қатысу қаржылық қиындықтарды жеңу тәсілі бола алмайды.
№2. Жеңсеңіз – бұл бонус, жеңілсеңіз – ақшаны қайтаруға тырыспаңыз. Лотереяда жеңіс – кездейсоқтық.
№3. Жеңісті «сыйлық» ретінде, жеңілісті – киноға бару сияқты ойын-сауық «құны» ретінде қабылдаңыз.
№4. Өзіңізге теріс салдарсыз ойынға сала алатын ақша сомасының шекті мөлшерін белгілеңіз және әрқашан осы ережені сақтаңыз.
№5. Ережені сақтаңыз – ешқашан несиеге ойнамаңыз және ойынға ақша қарызға алмаңыз.
№6. Ойынға уақыт шегін белгілеңіз және жеңсеңіз де, жеңілсеңіз де оны сақтаңыз.
№7. Өмірлік теңдестікті сақтаңыз. Лотерея өміріңізде негізгі орын алуға және отбасын, спортты, жұмысты, достарды ауыстыруға болмайды.
№8. Лотереяға қатысуды моральдық немесе физикалық аурумен күресу құралы ретінде қабылдамаңыз. Әйтпесе бұл қосымша психологиялық және материалдық мәселелерге әкелуі мүмкін.
№9. Әрқашан адал және ашық ережелер бойынша өтетін заңды ойындарда ойнаңыз.
№10. Лотереяда ойнау 21 жастан бастап рұқсат етілген. Лотерея қатысушысының жасына күмән туған жағдайда сату нүктелерінің қызметкерлері тұлғаны және жасты растайтын құжат тапсыруды сұрау құқығына ие. Тұлғаңызды және жасыңызды растайтын құжатты көрсетуден бас тартсаңыз немесе мұндай құжат болмаса, сізге лотерея билетін сатудан бас тартылады.

БІЗ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАМЫЗ?

Сақтану салдарлармен күресуге қарағанда жақсы. Сондықтан әрбір жаңа ойын іске қосылған кезде біз кәмелетке толмағандардың осалдығын тексеруден өтеміз. Біздің жарнамалық және маркетингтік науқандар тек кәмелетке толғандарға бағытталған.

Егер лотереяда ойнау өміріңізге, ортаңызға теріс әсер ететінін немесе ыңғайсыздық тудыратынын сезсеңіз, сұранышты нөмірге хабарласыңыз: 8 (800) 080–21–31

Ойын тәуелділігінің дамуын алдын алу немесе емдеу мақсатында кеңес алу үшін:

• хабарласу орталығына нөмір бойынша хабарласыңыз: 8 (800) 080–21–31;
• психологқа емханаға тұрған жеріңіз бойынша.

Сондай-ақ ойын тәуелділігімен күреске бағытталған «Үйге жол» қорының «Ойыннан тыс» жобасын ұсына аламыз. Қордың телефон нөмірлері: 8 (747) 461–67–01, 8 (727) 339–51–99.

Bingo
Bingo
Keno
Keno
Naval Battle
Loto Plus
Loto Plus
Mega Loto
Mega Loto
8 (800) 080-21-31Қоңырау шалу тегін

Ақпарат

ЛицензияҚауіпсіздікҚолдау қызметіЖеке деректерді жария етпеу саясатыЖауапты ойынҮкімет қаулысыЛотереялар және лотерея қызметі туралы заңОфферта шарты

Байланыс

Қолдау телефоны: 8 (800) 080–21–31support@loto.sz.kzАлматы қ., Медеу ауданы, Жібек Жолы даңғ., 50 үй, 2 корпус, пошта индексі 050002

Қосымша

Freedom
Kaspi
Qiwi
©2026 «Сәтті Жұлдыз» АҚ