Қосымшаны жүктеп ал5315%-ға дейін бонус
IOS және Android

Акциялар

Үштік форсаж

3 көлік иесін тапты. Келесі — сен!

5 қарашада Алматыда табыстау рәсімі өтті. Lexus ES 250, BMW 530 xDrive және Li L7 Pro Көкшетауға, Ақтөбеге және Алматыға аттанды.

Lexus ES 250, BMW 530 xDrive және Li L7 Pro — «Үштік форсаж» акциясының жүлделері табыстау рәсімінде

«Үштік форсаж» акциясы 2026 жылдың 1–30 қазаны аралығында өтті. Лотерея билеттерін сатып алғаны үшін қатысушылар купондар алды: ұтысқа барлығы 455 620 купон қатысты. Жеңімпаздар 30 қазанда тікелей эфирде анықталды.

Үш көліктен бөлек, ТОП-100 рейтингінің қатысушылары жүлде алды, ал № 777777 бақытты купонның иесі 500 000 ₸ ұтып алды.

Lexus ES 250 F Sport Design Көкшетаулық Тулегенге бұйырды

Lexus ES 250 F Sport Design Көкшетаулық Тулегенге бұйырды

Эфир кезінде Тулегенге хабарласа алмады. Ұтыс туралы ол кейінірек біліп, ұйымдастырушыларға өзі қайта қоңырау шалды.

«Қуаныш сезімі. Көлік отбасымызға қалады, мініп жүреміз».

BMW 530 xDrive Ақтөбелік Булатқа бұйырды

BMW 530 xDrive Ақтөбелік Булатқа бұйырды

Эфирден келген қоңырауды Булат өткізіп алды: үй шаруасымен айналысып жүрген. Алғашында өзі де, жұбайы да сенбеді.

«Шынымды айтсам, мүлдем күтпедім. Жағымды тосынсый. Өзімізге, отбасымызға қалдырамыз».

Li L7 Pro Алматылық Рифатқа бұйырды

Li L7 Pro Алматылық Рифатқа бұйырды

Тікелей эфирде қоңырауға жалғыз Рифат жауап беріп, сабырмен: «Иә, рақмет», — деді. Ал табыстау рәсімінде былай деп мойындады:

«Мен дәл осы көлікті қаладым — және ұтып алдым. Әлі күнге сене алмаймын».

Сен де осында бола аласың!

Басқа акциялар